Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда азаматтық тұлғалар тарапынан, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің аумағына, сотталғандардың пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың айла-тәсілдермен кіргізу деректері азаймай отыр. Сол себепті тыйым салынған заттарды анықтау, өткізу арналарының жолын кесу және тәркілеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Премьер-министрімен бекітілген, 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасының талаптарын орындау мақсатында, Жамбыл облысы полиция департаменті, Ұлттық Ұлан және мекеме қызметкерлері бірлесіп, мекемелердің іргелес аумақтарын тәулік мерзімі бойы патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Режимді жақсартуға және тыйым салынған заттарды кіргізу арналарының жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар кешені нәтижесінде, осы  жылы 5,5 литр спирттік ішімдік, 878,600 грамм есірткі заттары, 142 телефон тәркіленді. Мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізу кезінде 46 азамат ұсталған, оның ішінде 36 адам ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзғаны үшін ұсталған, оларға шара қолданылды. 10 адам ҚР ҚК-нің 296, 297-баптарымен ұсталды. Мысал ретінде айта кетсек, айла-тәсілдердің тағы да бір жаңа әдісі, ол ұшақсыз ұшу аппаратымен (дрон арқылы) кіргізбекші болған 5 дерек болды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, барлық азаматтық және басқа да тұлғаларды, ҚАЖ мекеме аумағына сотталғандардың пайдалануына және сақтауына тыйым салынған заттарды тасымалдау заңнама талабын бұзу болып есептелетінін ескертеміз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті