Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облыстық ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің 44 дерегі анықталды

Қостанай облыстық ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің 44 дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Қостанай облыстық ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің 44 дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №76 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу бойынша қажетті тексеру жұмыстарын толық жүргізеді. Сотталғандарға әкелінген сәлемдемелерді мұқият тексеру барысында Б. есімді жазасын өтеушіге жолданған сәлемдеме мекеме қызметкерлерінің күдігін тудырды.

– Бұл сәлемдемені тексеру барысында тыйым салынған заттар, оның ішінде Tele2 және Актив SIM-карталарының, сондай-ақ аудио және бейне жазу функциялары бар G-1B смарт-сағат анықталды. Құрылғы спорттық аяқ киімнің табанына жасырылған. Тыйым салынған заттарды табу және алу бойынша барлық әрекеттер құжатталды. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін сотқа жіберілді, – деді мекеме қызметкері.

Сондай-ақ жыл басынан бері Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде телефон өткізудің 44 дерегінің алды алынды, сондай-ақ 20 мыңға жуық ақша тәркіленген.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 8 адам жауапкершілікке тартылды, бұл мекемелердегі құқық бұзушылықтарға қарсы күресте қызметкерлердің жұмысының маңыздылығы мен тиімділігін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты