Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды ЖОО ректорларымен жаңа оқу жылының басымдықтарын талқылады

Дархан Сатыбалды ЖОО ректорларымен жаңа оқу жылының басымдықтарын талқылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жетекші жоғары оқу орындарының ректорымен кездесті. Жаңа оқу жылына дайындық, жастар тәрбиесі, жатақханадағы жағдай, экологиялық білім беру және ғылымды дамыту жайы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Алматыда еліміздің барлық жоғары оқу орнының үштен бірі шоғырланған, онда 200 мыңнан астам студент оқиды. Бұл қаланың жоғары зияткерлік әлеуетін қалыптастырады әрі қала билігінің жүйелі қолдауын қажет етеді.

«Біз әкімдік тарапынан студенттердің жатақханада тұрып оқуына жағдай жасауға тырысамыз. Ең бастысы, бәріміз бірге – әкімдік, жоғары оқу орындары мен қоғам жастарды тәрбиелеуге, олардың бойына еңбек мәдениетін сіңіруге, жауапкершілікті, қалаға деген құрметті қалыптастыруға тиіспіз», - деді Дархан Сатыбалды.

Кездесу барысында қала басшысы әкімдік жанынан ғылым және технологиялар жөніндегі Қалалық кеңестің құрылғанын еске салды. Кеңес құрамына университет өкілдері кіреді.

«Алматының ғылым арқылы дамуына ықпал ететін идеяларды іске асыру - біздің ортақ міндетіміз», - деді әкім.

Алматының түркі мемлекеттері жастарының астанасы мәртебесіне ерекше назар аударылды. Жыл аясында жоғары оқу орындарының қолдауымен мәдени және білім беру іс-шаралары өтеді.

«Мұндай мәртебеге ие болу жоғары құрмет пен үлкен жауапкершілік. Бұл миссияны бәріміз бірге лайықты жүзеге асырып жатқанымызға сенімдімін», - деді әкім.

Ректорлар білім беруді жаңғыртудан бастап экологиялық бастамаларға қатысуға дейінгі мәселелер бойынша баяндама жасап, ой-пікірін білдірді. Студенттік кампустардағы жағдайды жақсарту, инженерлік және педагогикалық білім беруді дамыту, жастардың халықаралық және қалалық жобаларға қатысуы жөнінде ұсыныстар айтылды.

Студенттердің өмір сүру шарттары жеке блокта талқыланды. Әкім жатақханалардың жағдайын тексерудің бірінші кезеңі басталғанын, екінші кезең тамыз айына жоспарланғанын айтты. Білім беру жұмысын ұйымдастыру және студенттердің қалалық бастамаларға қатысуы маңызды бағыт болып танылды.

Әкім студенттерге қолдау білдіретін дағдарыс орталығын, сондай-ақ қалада ахуалдық орталықты іске қосу жоспарлары туралы айтты. Бұл орталықтар студенттер өтінішіне дер кезінде назар аударып, әлеуметтік қатердің алдын алады.

«Студенттер қала өміріне атүсті емес, жүйелі түрде - сенбіліктен бастап қоғамдық бастамаларға дейін қатысуға кеңінен тартылуы керек. Сол кезде жауапты әрі белсенді ұрпақ қалыптастыра аламыз», - деп сөзін түйіндеді Дархан Сатыбалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті