Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жоқ пәтерді жалға беріп келген алаяқ ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген 48 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың мәліметінше, 48 жастағы ер адам 9 азаматты алдап үлгерген.
 
"А. есімді азамат Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Алаяқтық фактісі туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей. Пәтер жалдауға тырысқан олар танымал интернет-сервистен хабарландыруларды іздеп тауып, нарықтағы бағадан төмен баға ұсынған адамға телефон соғады. "Үй иесі" клиенттердің көптігін алға тартып, пәтерді бірінші болып ақша төлеген адамға беретінін айтып алдап соққан. Күдікті ақшаны алғаннан кейін бірден байланысқа шығуын тоқтатып, ұялы телефон нөмірін ауыстырып отырған", – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
 
Оның айтуынша, Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс жүргізу барысында оның осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 530 мың теңге. "Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша тергеу жүргізілуде", – деді Қуатбек Науатов. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді