Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин АҚШ сауда палатасымен және ірі америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті

Серік Жұманғарин АҚШ сауда палатасымен және ірі америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин АҚШ сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия бойынша аға вице-президенті Хуш Чоксинмен, сондай-ақ Chevron, Meta, Apple, Coca Cola, Mastercard, Amway компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында вице-премьер Америка Құрама Штаттарының Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту елдің сыртқы экономикалық саясатының басым бағыты екенін жеткізді.

«Өткен жылы екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $4,2 млрдқа жетті. Біз алдағы уақытта тауар айналымын ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін көріп отырмыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Қазіргі таңда америкалық бизнес Қазақстанда кеңінен жұмыс істеуде. Елде АҚШ капиталының қатысуымен 700-ден астам кәсіпорын қызмет атқарып жатыр, ал 2005 жылдан бері тікелей инвестициялар көлемі $51 млрдтан асты. Ірі инвесторлардың қатарында Chevron, ExxonMobil, Pfizer, General Electric, Wabtec және басқа да компаниялар бар. Олар мұнай-газ, фармацевтика, энергетика және машина жасау салаларының дамуына зор үлес қосуда. Бұл деректер америкалық әріптестердің Қазақстандағы инвестициялық саясатқа сенімін және стратегиялық әріптестіктің тұрақтылығын көрсетеді.

Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды. Америкалық тарап жаңа салық кодексінің нормалары, заңнаманы жетілдіру, туризмді дамыту, саудадағы кедергілерді азайту және өзге де тақырыптарды көтерді. Барлық сұрақтарға мазмұнды түсініктемелер берілді.

Жиынды қорытындылай келе Серік Жұманғарин жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде инвесторлармен тікелей диалогтың ерекше маңызын атап өтті. Ол америкалық әріптестерді Қазақстанның мүмкіндіктерін бизнесті дамытуда кеңінен пайдалануға шақырып, серпінді бастамаларды бірлесіп іске асыруға дайын екенін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті