Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытай бизнесіне қант зауытының құрылысы мен астықты терең өңдеуге инвестиция салу ұсынылды

Қытай бизнесіне қант зауытының құрылысы мен астықты терең өңдеуге инвестиция салу ұсынылды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің (ҚКП ОК) Бірыңғай фронт жұмыс бөлімі министрінің орынбасары және Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Инмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты, әсіресе сауда-экономикалық саланың қарқынды дамып жатқанын атап өтті. 

«Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады және экономикасына инвестиция салатын топ-5 елдің қатарына кіреді. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, рекордтық $41 млрд-қа жетті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауар айналымының өсуі шамамен 20%-ды құрап отыр», — деп мәлімдеді вице-премьер. 

2005 жылдан бастап Қытайдан Қазақстанға тартылған жалпы инвестиция көлемі $25 млрд-қа жуықтады. Тек өткен жылы тікелей қытайлық инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, $1,6 млрд-тан асты. Бүгінде бірлескен инвестициялық жоба саны 90-нан асып, энергетика, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, білім беру, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

«Бүгінде елімізде қытай капиталының қатысуымен 30 мыңға жуық бірлескен компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың шамамен төрттен бірі соңғы жылы ғана қосылды. Бұл қытай іскер топтардың Қазақстандағы бизнес-климатқа жоғары сенім білдіретінін және біздің серіктестігіміздің тұрақтылығы мен өнімділігін дәлелдейді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ вице-премьер өзара іс-қимылдың әлеуетін күшейтудің кең ауқымды бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда, Серік Жұманғарин қант саласын дамыту аясында қант зауыттарын салуға инвестиция салуды ұсынды. Сонымен қатар ол астықты терең өңдеу кәсіпорындарының санын арттыруға қызығушылық бар екенін атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан ұқсас және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Анықтама: 1953 жылы құрылған Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы (ACFIC) – Қытайдың халықтық ұйымы және үкіметтік емес сауда палатасы. ҚХР-ның өнеркәсіпшілері мен бизнесмендерінен тұрады. ACFIC штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Федерацияның провинциялық, муниципалдық және аудандық деңгейлерде 3200-ден астам жергілікті бөлімшелері, сондай-ақ қалалық аудандарда, қауымдастықтар мен ауылдарда 5,5 млн-нға жуық бастапқы бөлімшелері бар. Федерацияның бүкіл ел бойынша 5,1 млн тіркелген мүшеcі бар. 

2023 жылы Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы $31,5 млрд (+30,1%) құрады. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында – $14,1 млрд (+3,8%).

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді