№85/86 "Астана – Шымкент" жолаушылар пойызы бұзылып қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"10 қаңтарда Сары-Шаған-Шу учаскесінде №85/86 пойыз техникалық себептерге байланысты тоқтап қалды. Осыған байланысты Шу стансасында аталған вагондарға қызмет көрсетуге жауапты "Патентес Талго" компаниясы тиісті техникалық жұмысты істейді."Жолаушыларды тасымалдау" қызметі.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға Талго вагондарынан құрылған №1/2 "Алматы 2 – Ташкент" пойызына ауысуды ұсынды. Ауыстырылған пойызға бірінші кезекте әйелдер, балалар және транзиттік жолаушылар мінеді. Жолаушыларға тегін ыстық тамақ беріледі.
Компанияның хабарлауынша, қайтару мен өтемақы да жүзеге асады.
"Пойызбен жүруден бас тартқандарға жол ақысы толық қайтарылады. Егер жол жүру маршрут бойынша үзілсе, жүріп өтпеген жол ақысы төленеді. Сонымен қатар кешіккен әр толық сағат үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде өтемақы төленеді. Бірақ бұл сома жол жүру ақысынан аспауы керек", - делінген хабарламада.
Өтемақыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады.
Бұған дейін Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа ережелері қолданыла бастағаны белгілі болған.