Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде сиыр еті экспортына квота енгізіледі

Елімізде сиыр еті экспортына квота енгізіледі
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында сиыр еті экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу және халықты ірі қара етімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізілуде. Сонымен қатар квота ірі адал өндірушілерге қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тиісті бұйрық Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қабылданады.

Сондай-ақ жиында Қазақстаннан автокөлік және теміржол көлігі арқылы бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтардан бастап жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдарды, толуолды, ксилолды және мұнай битумын ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары шығаруға тыйым салу алты айға ұзартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді