Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мал басын әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзартты — ВАК

Қазақстан асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мал басын әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзартты — ВАК
Фото: primeminister.kz

2024 жылғы 26 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылау нәтижесінде Қазақстан аумағынан ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салуды 6 ай мерзімге ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл тыйым Қазақстанда осы жылдың 8 қаңтарында енгізілді. Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды «көлеңкелі схема» арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.

Сондай-ақ ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы пюресін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді