Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр қытайлық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді

Роман Скляр қытайлық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Development Bank (CDB) директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Хуанмен кездесті. Келіссөздер Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің VIII отырысы шеңберінде өтті және Қазақстан жүзеге асырып жатқан стратегиялық жобаларды қаржыландыру мәселелеріне арналды. Оның ішінде «Qarmet» АҚ-ның жаңғырту жобалары да бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құны $3,5 млрд-қа бағаланған Qarmet-ті жаңғырту бағдарламасы Қазақстан металлургия саласының тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Басты мақсат – озық әлемдік тәжірибелерді, инновациялық технологияларды және ESG-стандарттарды енгізу, бұл өз кезегінде отандық металлургияның жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

CDB-пен кездесу барысында бағдарламаның бірқатар негізгі бағыттарын қаржыландыруға банктің қатысуы талқыланды: жаңа құю-прокат кешенін құру, сортопрокат цехын салу, шойынды десульфурациялау технологияларын енгізу, сондай-ақ қытайлық ACRE компаниясымен бірлесіп заманауи кокстық батареяларды тұрғызу. Қазақстандық тарап барлық жоба халықаралық стандарттарға толық сәйкес жүзеге асырылатынын, мерзімдерді қысқарту үшін тиімді шешімдер қолданылып, заманауи технологиялар енгізілетінін атап өтті, бұл жоғары сапа мен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Qarmet-ті жаңғырту жобасын «Бір белдеу – бір жол» бастамасына енгізу және барлық қажетті рәсімді толық сүйемелденуі жөнінде дайындық расталды. Келіссөздерге «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Қазақстанның Даму Банкі өкілдері де қатысты, олар ұлттық институттардың жобаларды табысты жүзеге асыруға жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Бейжіңде China Gezhouba Group Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Тан Хуамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Қ. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейінгі су құбыры және №4 сорғы-сүзгі станциясын салу» жобасының ағымдағы мәртебесі мен оны іске асырудың алдағы қадамдары талқыланды.

Аталған жоба елордаға су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты сумен жабдықтау тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.

Жобаны қаржыландырудың 85%-ы Қытайдың мемлекеттік банкі – Export-Import Bank of China несиесін тарту есебінен жүзеге асырылмақ.

Тараптардың тығыз ынтымақтастығы аясында қаржыландыруды тарту жұмыстары қысқа мерзімде орындалып, қазіргі уақытта аяқталу сатысында тұр.

China Gezhouba Group Co., Ltd. жобаның EPC-мердігері ретінде оны белгіленген мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін барлық ресурсты жұмылдыруда.

Жобалауды ағымдағы жылдың соңынан кешіктірмей аяқтау жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті