Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» компаниясының басшылығымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» компаниясының басшылығымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы талқыланды, ол өңір үшін электр энергиясының негізгі көзіне айналады. Жобаның болжамды құны $190 млн-ды құрайды.

Корпорацияның вице-президенті Ли Сюйхуан ірі өзендердің әлеуетін пайдалана отырып, каскадты су электр стансаларының құрылысын қосақанда, жаңа жобалардың пысықталғанын хабарлады. Сонымен қатар, компания жабдықтың сенімділігін, тиімділігін және экологиялық тазалығын арттыруға бағытталған дәстүрлі генерациялау көздерін жаңғырту жөніндегі бастамаларды ұсынды.

Бұл жоба мен компанияның перспективалық бастамалары Қазақстан мен Қытайдың тұрақты энергиямен жабдықтау саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын нығайтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады