Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр CPIH компаниясының вице-президентімен жаңа жел электр стансаларын салу жобасын іске асыруды талқылады

Роман Скляр CPIH компаниясының вице-президентімен жаңа жел электр стансаларын салу жобасын іске асыруды талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding (CPIH) вице-президенті Ренагули Туэрдимен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің басасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр мамыр айында Сиань қаласына (ҚХР) сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру жөнінде болды. 

Қытайлық компания Қазақстанның Жамбыл мен Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансаларын (ЖЭС) салу жобасын жүзеге асыруда.

Кездесуде жобаларды техникалық іске асырудың нақты мәселелері талқыланды. Олардың қатарында қосалқы стансаларды, қажетті қуаттарды дайындау және өлшеу рәсімдері қаралды. 

Соның нәтижесінде жобаларды қысқа мерзімде енгізу үшін қажетті техникалық процестерді жеделдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді