Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда жастары Эколог күніне орай ерекше флешмоб өткізді

Елорда жастары Эколог күніне орай ерекше флешмоб өткізді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Эколог күні мен Қоршаған ортаны қорғаудың бүкіләлемдік күніне арналған флешмоб өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында ұйымдастырылды. Ерекше флешмоб «Астана-Арена» стадионында өтті.Бүгін оны Қазақстан мен Андорра ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық матчтың үзілісінде футбол жанкүйерлері тамашалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Флешмобқа 300-ден астам адам – студенттер, еріктілер мен белсенділер қатысты. Олар экологиялық мәдениеттің маңыздылығын және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың қажеттілігін еске салу үшін бірікті. «Таза Қазақстан» жазуы бар брендтік футболкалар киген жастар әсерлі хореографиялық қойылым көрсетті. Димаш Құдайбергеннің «Tau Ishinde» музыкалық шығармасы сүйемелдеуімен жастар синхронды би қойылымын орындап, оның шарықтау шегінде алаңда «Таза Қазақстан» деген тірі жазу қалыптастырды.Сонымен қатар трибунада дәл осындай жазуы бар 10×15 метрлік алып тумен көрініс толықты. Экологиялық бастаманы қолдау ретінде жанкүйерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтерді. Флешмоб арқылы жастар қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды еске салды: қоқыс тастамау, табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқорлық танытатын адамдардың еңбегіне құрметпен қарау. Матч аяқталған соң көрермендер трибуналарды қоқыстан тазалап, көпшілік іс-шараларда тазалықты сақтауға деген ұмтылысты көрсетті. Бұл іске «Астана жастары» КММ-нің еріктілері мен белсенділері ғана емес, сондай-ақ Астананың бейжай қарамайтын тұрғындары да атсалысты.

«Бұл елордада тазалық мәдениетінің қалыпты өмір салтына айналып келе жатқанын айқын көрсетеді. Нағыз экологиялық қоғам дәл осындай әрекеттерден басталады», – деді көрермендердің бірі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады