Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Алатау» театры алғаш рет жаңғыртылуда

Алматыда «Алатау» театры алғаш рет жаңғыртылуда
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрына алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде. Ғимарат пайдалануға берілгелі бері мұндай ауқымды жаңарту қолға алынған емес. Нысанды Алматы мәслихатының депутаттары барып көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегацияға мәдениет, спорт, ішкі саясат, дін және жастар ісі жөніндегі комиссияның төрайымы Диана Ерлан жетекшілік етті. Сондай-ақ комиссия төрағасының орынбасары Серік Есматов, депутаттар Еркін Рақышев пен Дулат Рамазанов болды.

Жөндеу жұмыстары театрдың негізгі аймақтарының бәрін қамтиды: қасбеті жаңартылады, кинозал заманауи талаптарға сай қайта жасақталады, еден жабыны мен орындықтары ауыстырылады, ғимараттың айналасы абаттандырылады. Ерекше назар аз қозғала алатын азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бөлінген. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты – көрерменге де, шығармашылық ұжымға да ыңғайлы орта қалыптастыру.

 Депутаттар қаладағы шығармашылық ұжымдардың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың республикалық қана емес, халықаралық деңгейде де табысты өнер көрсетіп жүргенін атап өтті.

– «Алатау» театры 10 жылдық мерейтойын жаңарған, заманауи келбетімен қарсы алуы тиіс. Көрерменге кең, жарық әрі қолайлы кеңістік қажет. Бұл олардың үмітін ақтап қана қоймай, спектакль алдында жағымды көңіл күй сыйлап, театрдан алған әсерді күшейтеді, – деді олар.

 Күрделі жөндеуді биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті