Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әуезов ауданында күрделі жөндеуден кейін 6 қараша күні №9 мектеп ашылды

Әуезов ауданында күрделі жөндеуден кейін 6 қараша күні №9 мектеп ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуезов ауданында күрделі жөндеуден кейін 6 қараша күні №9 мектеп ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ғимарат жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Бірақ 20 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген соң күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етті. Енді жаңартылған мектепте оқушылар қайтадан білім алып жатыр. Қала әкімі Ерболат Досаев жөндеуден өткен мектепті арнайы барып көрді. Алдыңғы жұмыс сапары кезінде әкім мердігерге бірқатар тапсырма берген болатын.Ескерту негізінде ғимаратқа сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді, мектептің шатыры, жылу және сумен жабдықтау жүйелері жаңартылды, аула көріктендіріліп, стадион заманауи талаптарға сай қайта құрылды. Мектепте шағын футбол және баскетбол алаңдары, жаттығу құралдары және белсенді ойындарға арналған аймақтар жасақталды.
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мектептер мен балабақшаларды салу және жаңарту – біздің жұмысымыздағы басты басымдықтың бірі», - деп қала басшысы мұндай өзгерістің маңыздылығын атады.
Бүгінде Әуезов ауданында 55 мектеп бар, оның 33-і мемлекеттік және 22-сі жеке меншік, онда 59 мың оқушы білім алып жатыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті