Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Мектепке жол»: елордада 8,5 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

«Мектепке жол»: елордада 8,5 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға демеушілердің қаражаты есебінен қайырымдылық көмегі көрсетіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл акция аясында қаладағы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр. Көмек мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары түрінде беріледі.Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында отбасыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты сабақтан қалудың алдын алу.Ата-аналарға, егер балалары көрсетілген санаттарға жататын болса, растайтын құжаттарымен мектепке жүгіну қажет.Әлеуметтік педагогтар мұқтаждардың тізімін бірінші сыныпқа қабылданғандар мен жаңадан келген оқушыларды ескере отырып жасайды.Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, білім алуға қамтылмаған немесе түнде ересектердің қарауынсыз үйден тыс жүрген балаларды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған.Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «сенім телефоны» мен «жедел желі» (556920), сондай-ақ мектеп жанындағы қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді