Ср, 09 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жалпыға бірдей оқыту аясында Астанада 12 мыңнан астам бала көмек алды

Жалпыға бірдей оқыту аясында Астанада 12 мыңнан астам бала көмек алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Жалпыға бірдей оқыту аясында Астанада 12 мыңнан астам бала көмек алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада "Жалпыға бірдей міндетті оқыту" шеңберінде жаңа оқу жылында оқушылардың жекелеген санаттарына киім, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық және қаржылық көмек көрсету көзделген. Бүгінгі таңда 12 027 бала қамтылды. Бұл туралы елорданың Білім басқармасының өкілдері педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында хабарлады. Алдағы оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды. Білім басқармасы осы қызмет мәселесі бойынша мектеп басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметті алу үшін мектепке құжаттармен бірге өтініш беру қажет. Келесі санаттардың біріне жататын оқушыларға көмек көрсетіледі: - АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар; - жетім балалар және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар; - Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;- басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).  Айта кетейік, бүгінгі таңда елорда мектептеріне 12 мыңнан астам өтініш түсті. Олардың барлығы пысықталды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда. Сондай-ақ дайындық аясында жаңа оқу жылында "Мектепке жол" акциясы және жыл сайынғы мектеп жәрмеңкесі өткізілді.  "Мектепке жол" республикалық акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы отбасылар қамтылады. Барлығы әлеуметтік осал санаттағы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.Айта кетейік, "Мектепке жол" акциясы мектеп рюкзактары түріндегі демеушілік қаражат есебінен көмек көрсетуге бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, егер отбасы жоғарыда аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты