Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов теміржол саласын цифрландыру кезінде тұтас тәсілді жүзеге асыруды тапсырды

Олжас Бектенов теміржол саласын цифрландыру кезінде тұтас тәсілді жүзеге асыруды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Онда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарына электронды форматқа көшіру, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, инновациялық экожүйе құру, пойыздарды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету, сондай-ақ транзиттік тасымалдауды онлайн қадағалау жүйесін енгізу кіреді.

2024 жылы салада төрт мемлекеттік қызметэлектронды түрде қолжетімді болды. Биыл жаңа қызмет – «Қауіпсіздік сертификатын беру» қосылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды.

Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға да баса назар аударды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен жуырда Астанада сапалы талдау жасап, ауқымды деректерді генерациялай алатын суперкомпьютер кластері іске қосылды. Осы тұрғыда жасанды интеллект технологиялары мен перспективалы стартаптарды экономиканың барлық саласына, соның ішінде теміржолға да енгізу керек. Мысалы, жасанды интеллект апаттық жағдайлардың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептеп, осындай мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын пысықтай алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр теміржол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқарудың және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізудің тұтас тәсілін жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді