Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда пәтер ұрысы ұсталды: күдіктінің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалды

Қарағандыда пәтер ұрысы ұсталды: күдіктінің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды қаласы полиция басқармасының Октябрь бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері зергерлік бұйымдарды ұрлаумен айналысқан ұрыны құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға 36 жастағы қала тұрғыны пәтерінен алтын әшекейлердің қолды болғаны жөнінде арызданған. Тергеу барысында күдікті пәтерге терезе мен балконнан кіріп, жалпы құны 675 мың теңге болатын әшекейлерді ұрлағаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бейнебақылау камераларының жазбалары талданды.

Нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оның айғақтары бойынша ұрланған әшекейлер қаладағы ломбардтардың бірінен тәркіленді. Сонымен қатар тергеу кезінде күдікті тағы бір пәтер ұрлығына қатысы барын мойындады. Ол кезде ол 28 жастағы тұрғынның пәтеріне балкон арқылы кіріп, 300 мың теңгеден астам мүлікті ұрлап кеткен. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті