Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz саййтына сілтеме жасап.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше пәтер ұрлығымен айналысқан ұрылар тобын анықтап, ұстады.

Арнайы операция барысында 23 пен 36 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында пәтерлерге терезе торларын бұзып, пластикалық терезелерді күштеп ашу арқылы кіріп, бағалы заттар мен ақша ұрлаған.

Оқиғалардың бірі 11 қарашада болған. Полицияға қала тұрғыны белгісіз біреулер Жамбыл көшесіндегі үйіндегі пәтеріне кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 11 алтын бұйымды ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Келтірілген шығын көлемі - 1 500 000 теңге.

Осыған ұқсас қылмыс Қарағанды қаласының 60 жастағы тұрғынының Абай көшесіндегі пәтерінде де тіркелді. Қаскөйлер зергерлік бұйымдар мен 7 000 000 теңге көлеміндегі (5 000 АҚШ доллары және 3 000 000 теңге) ақшаны қолды қылған.

Тергеу барысында күдіктілердің Қарағанды мен Теміртаудағы жеті пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 15 000 000 теңгені құрады. Үш күдікті қамауға алынды. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты