Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық тұрғынның көлігін эвакуатордың көмегімен ұрлап кеткен

Елордалық тұрғынның көлігін эвакуатордың көмегімен ұрлап кеткен
Фото: Polisia.kz

Елордалық тұрғынның көлігін эвакуатордың көмегімен ұрлап кеткен, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Самал базарының жанындағы жол жиегінде иесі қараусыз қалдырған BMW-325 автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Көліктің істен шыққанын айтып, оны жоғалтып алғанын хабарлаған қала тұрғыны полицияға арызданды. Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталды. Күдікті полицияға жеткізіліп, кінәсін мойындады. Ол біраз уақыт көлікті сырттай бақылап жүргенін және иесі жоқ деп ойлағанын айтқан. 

Тергеу барысында ер адамның эвакуатор жүргізушісімен келісіп, оған көлікті ұрлап жатқанын айтпай, темір тұлпарды өз үйіне апарып қойғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Полиция автокөлік иелеріне көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюды және ұрлық пен айдап кетудің алдын алу мақсатында дабылқаққыш жүйесін орнатуды ұсынады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті