Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полицияға 37 жастағы тұрғынның көлігін бейтаныс азаматтың заңсыз иемденіп алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында анықталғандай, 36 жастағы азамат күндіз Әл-Фараби көшесінде Lada 21901 автокөлікті айдап кеткен. Ол көліктің есігі ашық, ал кілті салонында болғанын пайдаланып, еш кедергісіз иемденіп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша автокөлікті ұрлау мақсатында емес, заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің бұрын да дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді