Қарағандындыда мас ер адам бөтеннің көлігін айдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамызда 57 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, 13 тамызда танысы оның ВАЗ-21099 көлігін ұрлап кеткен.
Бұл арада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері “Автокөлік” профилактикалық іс-шарасы кезінде Егіндібұлақ ауылы аумағында ұрланған көлікті тауып алды. Көліктің жүргізуші мас күйінде болған. Көлік тәркіленіп, 44 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБт кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді.
Сол күні көлік иесіне қайтарылды. Ал көлік ұрлаушыға қатысты қазір қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.