Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқытушы ойыншықтар жасауда

Астаналық оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқытушы ойыншықтар жасауда
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқытушы әрі қауіпсіз ойыншықтар жасаумен айналысатын жасөспірімдерге бағытталған Innovate For Change жобасы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1-3 тамыз аралығында елордада Innovate For Change жазғы білім беру бағдарламасы өтуде. Оның қатысушылары – Қазақстанның әр өңірінен келген жасөспірімдер. Олар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті әрі оқытушы ойыншықтар жасаумен айналысады. Алайда бұл жобаның мәні тек ойыншықтарда ғана емес. Жоба азаматтық ойлау жүйесін, заңға, өзге адамдардың құқығы мен өзіне деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.Бастама Spectrum International School базасында, Balam-Ai ұйымымен серіктестікте іске асырылуда. Аталған ұйым аутизм мен ДЦП диагнозы бар балаларға қолдау көрсетеді. Жобадағы әр күн жасөспірімдер үшін пайдалы өнімдерді жобалаумен қатар, инклюзия негіздерін, әлеуметтік жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлықты үйренумен өтуде.

«Біз инклюзияны жай ғана көмек көрсету емес, тең құқық, құрмет және заңның бәріне бірдей екендігін білу деп түсіндіреміз. Егер ереже сақтасаң – бұл өзіңнің қоғамға қосқан үлесің. Біз баланың қорғалуы, проблемасынан хабардар болуы секілді құқықтарын жиі қозғаймыз. Сонымен бірге жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері жайлы да сөз қозғаймыз. Заң – алыстағы бір нәрсе емес. Ол мектепте, жаяу жүргінші жолында, қоғамдық көлікте де бар», – дейді жобаның тең құрылтайшысы Айдана Әбжанова.

Бағдарлама аясында жолдағы қауіпсіздік, балалардың құқықтары бойынша дәрістер және цифрлық модельдеу мен дизайн бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. Қатысушы топтар – қарапайым ойыншықтар емес, оқытушы құралдар. Мысалы, кеңістікте бағдарлануға және негізгі ережелерді түсінуге көмектесетін сенсорлық модульдер мен карточкалар әзірлеуде.Шара барысында балалармен Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығының төрайымы, аутизмі бар баланың анасы Нұрия Балтабайқызы өз тәжірибесімен бөлісті.

«Мен балаларға аутизмі бар бала көшені, адамдарды, шуды қалай қабылдайтынын айтып бердім. Жол ережесін сақтау – тәртіп үшін емес, біреудің өмірі үшін маңызды екенін түсіндірдік. Оқушылар зейін қойып тыңдады, сұрақтарын қойды. Бұл мені қуантады, себебі олардың бойынан нағыз болашақты – жауапты ұрпақты көріп тұрмын», – деді ол.

Үш күннің қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік топтарды іріктеп, олар толыққанды прототиптерді әзірлеуді жалғастырады. Дайын өнімдер әлеуметтік жоба аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға тегін табысталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті