Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлайды kazleta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайған. Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндалды. Биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда. Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

Мемлекет басшысына терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның Қытай, Ресей, Мажарстан, Беларусь, Әзербайжан және Грузия сияқты елдердің жүк жиналатын негізгі орталықтарымен қарым-қатынас жасауы логистиканы оңтайландырып, Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы тасымалдың тиімділігін арттырады.

Кездесуде цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған. Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларациялауды автоматтандыру логистикалық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етіп, жүкті жеткізу мерзімін жеделдетті. Декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті