Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды. 12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында Президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты