Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ислам ынтымақтастығы ұйымының министрлері ҚАЗҰУ-дың ғылыми жетістіктерімен танысты

Ислам ынтымақтастығы ұйымының министрлері ҚАЗҰУ-дың ғылыми жетістіктерімен танысты
Фото: gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситетінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің бірінші кездесуі өтуде. Мұсылман әлеміндегі беделді ұйымның ресми өкілдерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қарсы алып, университеттің ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Құрметті қонақтарға ҚазҰУ музейі мен Жағдаяттық басқару орталығын аралап, Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығына барды. Орталық директоры Жанар Жеңіс өндірістің негізгі мақсаты Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Орталық соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Қазіргі таңда өндірісте тұмау мен бауыр ауруларынан сақтайтын және иммунитетті көтеретін, коронавирус инфекциясына қарсы биологиялық белсенді қоспалар дайындалады. Сонымен қатар қант диабетін төмендететін, қан қысымын реттейтін, асқазан-ішек жүйесінің жұмысын жақсартатын, иммунитетті көтеретін фито-шайлар өндіріледі.

Келесі кезекте Процестік инновациялар орталығында қонақтарды директор Әмірхан Темірбаев қарсы алып, инжиниринг және жоғары технологиялар кластері мен жерді қашықтықтан зондтау орталығының тыныс-тіршілігімен бөлісті.

ҚазҰУ-дың Жерді қашықтықтан зондтау орталығында геоақпараттық жүйелер және ғарыштық суреттер негізінде әртүрлі салаларға арналған геоөнімдер дайындалады. Алынған мәліметтерді қолдану арқылы түрлі талдау жұмыстары жүргізіледі.

Мұнан соң Ислам ынтымақтастығы ұйымының министрлері ҚазҰУ Технологиялық паркінде болып, Әл-Фараби кітапханасында ұйымдастырылған ҚазҰУ мен өзге де жоғары оқу орындарының ғылыми жетістіктер көрмесін тамашалады.

Айта кетейік университетте ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген 100-ден астам инновациялық жоба бар. Оқу ордасында 16 факультет, 8 ғылыми-зерттеу институты, 29 ғылыми орталық пен Ғылыми-технологиялық паркі жұмыс істейді.

Ректор Жансейіт Түймебаев делегация мүшелеріне ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңі жоспарымен таныстырып, жатақхана, оқу корпустары мен қызметтік тұрғын үйлер жобасын көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті