Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ғалымдар алғаш рет Қазақстанның жер асты су қорларына цифрландыру жасады

Ғалымдар алғаш рет Қазақстанның жер асты су қорларына цифрландыру жасады
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматы қаласында ғалымдар Қазақстан тарихында алғаш рет гидрогеологиялық карталардың атласын  еліміздің жер асты сулары туралы негізгі деректерді біріктіретін цифрлық геоақпараттық жүйені таныстырды. Бұл сандық платформа су ресурстарын тиімді басқаруға, әсіресе құрғақшылық жағдайында тұщы судың тапшылығын шешу жөнінде тиісті шешімдер қабылдауға көмектеседі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның көптеген аймақтарын тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қазір өте өзекті болып отыр: өзендер мен көлдерден тұщы су алу мүмкіндігі шектеулі. Ал жаңа Атлас жер асты су қорларын, оның ішінде геотермальды және минералды суларды дәлірек бағалап, пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйені сондай-ақ экологиялық мониторинг құралы ретінде де қолдануға болады – цифрлық карталар жер асты суларының сапасын нақты уақыт режимінде бақылап, геологиялық ортаның ластануының алдын алуға септігін тигізеді. Бұл судың тапшылығына байланысты дамуы тұралап қалған аймақтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Зерттеу жұмыстарын У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Малис Абсаметовтың басшылығымен жүргізді.

«Жер асты сулары жөніндегі деректерді жаңарту мен жүйелеу су қауіпсіздігін арттырып, Қазақстанды климаттық өзгерістерге төтеп беруін тұрақтандырады», – деп атап өтті Малис Абсаметов. – Атлас су ресурстарының тұтас картасын алғаш рет ұсынып отыр, бұл ұзақ мерзімді жоспарлар мен ұлттық мүдделерді қорғау үшін өте маңызды».

«Қазақстан Республикасында су қауіпсіздігі мәселесі: заманауи сын-қатерлер мен ғылыми шешімдер» атты халықаралық конференцияға қатысушылар атап өткендей, жиналған деректер су саясатын әзірлеудің, ғылыми зерттеулер мен мамандар даярлау ісінің негізі болмақ. Климаттың өзгеруі жағдайында бұл жүйе су тапшылығын алдын ала болжауға, сөйтіп тұрғындарға да, экономикаға оның кері әсерін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар Атлас су ресурстарын аймақтар арасында әділ түрде бөлуге объективті база бола отырып, су жағдайы туралы дәл мәліметтерді қажет ететін ірі инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін аса пайдалы болады.

«Қазақстан ғалымдары өте ауқымды және маңызды жұмыстар атқарды. Олар әзірлеген құрал еліміздің су қауіпсіздігінің негізіне айналады. Бұл еңбек жоғары бағаға лайық, әрі суды тұрақты түрде пайдалану саласы бойынша зерттеулерге жаңа кеңістіктер ашады», – деп атап өтті Глазго университетінің (Ұлыбритания) профессоры Мохаммед Халид.

Атласты Сәтбаев университетінің У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің тапсырысы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен жасап шығарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті