Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Астанада есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полицейлер есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген 37 және 47 жастағы екі ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, олар көпқабатты үйдің кіреберісінде ұсталған. Жалдап тұратын пәтерін тінту барысында полиция қызметкерлері асүйдегі раковинаның астынан 31 оралған пакетті және тоңазытқыштың үстінен дәл сондай зат салынған пакет тауып, тәркіледі. Жалпы салмағы 4 келіден асатын бұл есірткі, олардың қылмыстық әрекетінің ауқымды болғанын дәлелдейді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан гашиш есірткі затын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол есірткі құралы. Күдіктілер өз кінәларын мойындап, есірткіні елдің оңтүстігінен әкеліп, елорда аумағында таратпақ болғандарын түсіндірді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті есірткі сатудың ауыр қылмыс екенін және оған 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді