Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жыл басынан бері тәртіпке бағынбаған 400-ге жуық жолаушы пойыздан түсірілді

Елімізде жыл басынан бері тәртіпке бағынбаған 400-ге жуық жолаушы пойыздан түсірілді
Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері көлік полицейлері құқық бұзушылық жасағаны үшін 400-ге жуық адамды пойыздан түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарында құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Көлік полицейлерінің басты ұстанымы – Заң мен тәртіп. Өткізілген рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде пойыздардан еліміздің әкімшілік заңнамасын бұзған 388 адам түсірілді. Олардың басым бөлігін, яғни, 359-ын алкогольдік мас күйінде болған азаматтар құрады. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық бойынша 13 және басқа да құқық бұзушылықтар тіркелді. Мәселен, Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы бастығының актісімен Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қызылорда облысының тұрғынын пойыздан түсірді. Ішімдікке сылқия тойған 31 жастағы ер адам полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талаптарына қарсылық көрсеткен.

Тексеру барысында аталған азаматтың осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде бұған дейін де жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Бұл жолы құқық бұзушы бірден екі бап, атап айтқанда алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, сондай-ақ полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша жауапқа тартылды. Соттың шешімімен ол 4 тәулікке қамауға алынды. Дәл осы бағыттағы пойызда тағы бір оқиға тіркелді. Қызылорда облысының 41 жастағы тұрғыны мас күйінде вагон-мейрамханада ішімдік бермегені үшін бокалмен терезені сындырған. Аталған азамат өз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті