Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жолаушылар пойызында тыныштықты бұзған мас әйелге айыппұл салынды

Жолаушылар пойызында тыныштықты бұзған мас әйелге айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Алматы-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызына масаң күйде отырған әйел қоғамдық тәртіпті бұзды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың бірінші тоқсанында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 20 859 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде тыныштықты бұзғаны үшін – 55, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1617 заң бұзушылық бар.

Мәселен, Алматы-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызы Қызылорда облысы Шиелі станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсіріп алды.

Тексеру барысында полицейлер Қызылорда облысының 57 жастағы тұрғынын анықтады. Ол пойызда масаң күйінде болып, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталғаннан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және тыныштықты бұзу бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді