Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz

Пойызда алкогольдік ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде құқық бұзушыларды анықтады.

Көлік полицейлері тексеру барысында 40 және 43 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматтарының жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзғандығын анықтады.

Құқық бұзушы – жолаушылар акт бойынша пойыздан түсіріліп, полиция бөлмесіне жеткізілді. Олар алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 25 АЕК (92 300 теңге) айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД-нің қызметкерлері 77 834 азаматты түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 6151, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 646 тұлға және т.б.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді