Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пойызда қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы жауапқа тартылды

Пойызда қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Пойызда қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 38 568 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 2791 факт - спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, 273 факт - ұсақ бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар. Осындай жағдайлардың бірі 28 мамырда Қызылорда — Көкшетау бағытындағы жолаушылар пойызында болды. Сарышаған станциясында пойыз бастығының актісі бойынша көлік полицейлері 38 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын түсіріп тастады. Әйел адамның мас күйінде болғаны, бейәдеп сөздер айтып, өзге жолаушыларға кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесі оның орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті. Әйел адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қосымша тексеріс барысында аталған азаматшаның бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды. Көліктегі ПД пойыздағы тәртіпке әрбір жолаушы жауапкершілік артатынын еске салады. Алкогольдік ішімдіктер ішу, дөрекі мінез-құлық көрсету мен жанжал шығару – өзгелердің құқығын бұзу болып саналады әрі құқыбұзушы міндетті түрде тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді