Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте ТКШ тарифтерін қайта қарау себебін түсіндірді

Үкіметте ТКШ тарифтерін қайта қарау себебін түсіндірді
Фото: primeminister.kz

Елімізде коммуналдық кызметтердің бұған дейін болжанған тарифтері  қайта қаралып, төмендетілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр мәлімдеді. Олжас Бектенов бұл шешім инфляция қысымын азайтып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарифтердің өсу қарқынын тежеу алдын ала жоспарлаған түзетулердің бір бөлігін кейінге қалдыру, ұзақмерзімді қаржыландыруды тарту, монополистердің операциялық шығындарын қайта қарау сынды бірқатар шаралар есебінен мүмкін болды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тарифтердің өсу қарқынын айтарлықтай баяулату жоспарланып отыр.

«Тарифтердің өсуі жалғасады. Бұл күрделі мәселе. Бірақ Үкімет бұл туралы ашық айтып отыр және тарифтерді нарықтық деңгейге келтіру саясатын жүргізуде. Тарифтердің ұзақ уақыт бойы қатаң реттелуі және ТКШ-ға инвестиция салуға мүлде мүмкіндік болмағаны 2022 және 2023 жылдары Екібастұздағы, Риддердегі апаттарға әкелді. Егер біз қыста үйімізде тұрақты түрде жылу, жарық, су болып, инженерлік желілер дұрыс жұмыс істесін десек, тарифтердің өсу жолымен жүруге тура келеді. Нәтижесінде тарифтердің өсу қарқыны 35%-дан 20%-ға дейін төмендейді. Егер биыл өсім тіркелсе, жыл соңына дейін қайтадан қымбаттау болмайды», — деп атап өтті Премьер-министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады