Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Phygital International басшысы Рене Фазелмен кездесті

Олжас Бектенов Phygital International басшысы Рене Фазелмен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы, доктор Рене Фазелмен және ұйымның бас директоры Нис Хаттпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда фиджитал-спортты физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін перспективалық бағыт ретінде дамытуға назар аударылды.

2026 жылы Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады.

ҚР Киберспорт федерациясының деректеріне сәйкес, бүгінде 1,5 млн-нан астам қазақстандық белсенді түрде киберспортпен айналысады. 

Жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны Астанада ұйымдастыру жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек.

Кездесуге қатысушылар фиджитал-спортты дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ниеттерін жеткізді.

Анықтама: Phygital International әлемнің 98 елін қамтитын Phygital Дүниежүзілік қауымдастығымен (WPC) серіктестікте жұмыс істейді. WPC фиджитал-пәндер үшін ережелер мен стандарттарды әзірлеумен, «Болашақ ойындары» (games of the Future) халықаралық турниріне қатысу үшін өңірлік және ұлттық іріктеу турнирлерін ұйымдастырумен айналысады. Спорт, цифрлық технологиялар және маркетинг сияқты әртүрлі салалардағы мамандардың басын біріктіреді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті