Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Road to Abu Dhabi: Астанада «Болашақ Ойындары 2025» турниріне қатысатын командаларды іріктеу өтеді

Road to Abu Dhabi: Астанада «Болашақ Ойындары 2025» турниріне қатысатын командаларды іріктеу өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазақстанның Киберспорт федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен желтоқсан айында Абу-Даби қаласында өтетін «Болашақ Ойындары 2025» халықаралық фиджитал турниріне Қазақстан тарапынан қатысатын командаларын іріктеу жарысын өткізеді. Іріктеу 21-27 шілде күндері өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Road to Abu Dhabi іріктеу турниріне қатысу үшін барлық ниет білдірген командалар 18 шілдеге дейін тіркеуден өтуі тиіс. Жарыстар фиджитал форматта – яғни кибер және дәстүрлі спортты біріктіретін екі спорт түрі бойынша ұйымдастырылады: фиджитал футбол және фиджитал баскетбол. Іріктеуге қатысатын спортшылар 18 жасқа толған болуы міндетті.Іріктеу додасының финалы Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық аренада танытуға мүмкіндік алып, Абу-Дабиде өтетін «Болашақ Ойындары 2025» фиджитал концепциясындағы көпсалалы халықаралық турнирінде бақ сынайды.

Командаларды тіркеу келесі сілтемелер арқылы:

Фиджитал баскетбол: https://forms.gle/WebvB2CVasEj5EeS8;  

Фиджитал футбол: https://forms.gle/QsMfRb2ZfEREvyH29.

Қатысушылар үшін қосымша ақпарат: жолақы, тұру және тамақтану шығындары спортшылардың өз есебінен жүзеге асырылады.Фиджитал спорттың тұжырымдамасындағы «Болашақ ойындары» (Games of the Future) халықаралық мультиспорттық турнир алғаш рет 2024 жылы Қазан қаласында өтті. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқа мемлекет басшыларымен бірге қатысты. Дәл осы шара барысында Мемлекет басшысы турнирді алдағы уақытта Қазақстанда өткізу туралы бастама көтерген еді.Айта кетейік, Games of the Future 2026 турнирі 2026 жылы Астана қаласында өтеді, іс-шараға 100-ге жуық мемлекеттің спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті