Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестермен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласында көрші елдің екі азаматы қолға түсті. Олар 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, 22 миллион теңгесін иемденген деген күдікке ілінді. Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалып, жинақтарын "қорғау" қажет деген сылтаумен бар қаражатын өз еркімен беруге көндірген.

Әйел бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген, тек полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана қылмыстың құрбаны болғанын түсінген. Тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция ескертеді! Жеке және банк деректеріңізді бөгде адамдарға жария етпеңіз. Телефон арқылы келген нұсқаулар бойынша ешқашан ақша аудармаңыз. Есіңізде болсын — ешбір банк не полиция қызметкері сізден телефон арқылы ақша талап етпейді және құпия ақпарат жинамайды. Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда бірден "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады