Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды

Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды
Фото: pixabay.com

Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қашықтықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер "Аnti-fraud" іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады. 69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Жәбірленуші алдымен "ұялы байланыс операторларынан" SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген. Біраз уақыттан кейін азаматшаға "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген.

YouTube Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін "сенімді қолға" уақытша тапсырған: ішінде 46 млн теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Шымкент ПД киберпол бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, бұл қашықтан жасалатын алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі.

Есіңізде болсын, SIM-карталардың жарамдылық мерзімі жоқ және жаңартуды қажет етпейді. Алаяқтардан қорғану үшін ешкімге ешқашан кодтарды айтпаңыз, қоңырау шалушымен диалогты бірден үзіп, полицияға хабарласыңыз.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді