Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полиция алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты. Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты. Тергеудің мәліметінше, күдіктілер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген. Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция бөлімшелерінің бірлесіп жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алты адам ұсталды. Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. 

— Мұндай қылмыспен күресу - біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Біз жәбірленушінің арызына жедел ден қойып, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырып, күдіктілерді ұстадық, - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты