Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық прокуратура алимент төлеуден жалтарғандарға қандай жаза қарастырылғанын айтты

Елордалық прокуратура алимент төлеуден жалтарғандарға қандай жаза қарастырылғанын айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазақстанда ондаған мың бала алиментке тәуелді. Алайда, өкінішке қарай, барлық ата-ана өз міндетін орындай бермейді. Кейбірі бұл жайында ұмытып кетсе, енді бірі сот шешімін әдейі елемейді. Дегенмен, заң мұндай құқықбұзушыларды жазасыз қалдырмайды. Алимент төлеуден жалтарғандарға қандай жаза қолданылатыны туралы елордадағы Нұра ауданының прокуратурасы түсіндіріп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодекстің 171-бабына сәйкес, алиментті кешіктірген әр күні үшін қарыз сомасының 0,1%-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.Осымен бәрі біткен жоқ. Төлемнен жалтарғандарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады: • 5 АЕК-ке дейін айыппұл; • 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу.Егер борышкер бірнеше ай бойы алимент төлемей, сот орындаушыларының ескертуіне құлақ аспаса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабында мынадай жаза түрлері көзделген: • 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс; • 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Мысалы, Нұра ауданының прокуратурасы алимент қарызы бар бола тұра, казино мен букмекерлік кеңселерден ұтыс алған, алайда үш айдан астам уақыт бойы әдейі төлем жасаудан жалтарған борышкерлерді анықтады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 11 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Басқаша айтқанда, бала алдындағы борыш қамауға алумен аяқталуы мүмкін. Бірақ тіпті сотқа жеткізбей-ақ қолданылатын шектеу шаралары бар.

Сот орындаушылары мыналарды жасауға құқылы: • шетелге шығуға тыйым салу; • уақытша жүргізуші куәлігінен айыру; • мүлік пен шоттарға тыйым салу.Бұл – мүмкін болатын шектеулердің бір бөлігі ғана.Егер қаржылық қиындықтар туындаса – жасырынып қалудың қажеті жоқ. Борышкерге еңбекпен қамту органдарына жүгіну немесе төлемді бөліп төлеу туралы келісім жасағаны жөн.Нұра ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырау міндеті ата-аналарға жүктелетінін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті