Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 18 мыңдай тұрғын алимент төлеуге міндеттелген

4 мың адамның жылдар бойы жиналып қалған қарызы бар. Бүгінде олар балаларына 3,5 млрд теңге берешек, деп хабарлайды kazlenta.kz 24.kz сайтына сілтеп.

Алимент төлеуден қашпайтын, тек тұрақты табысы жоқтарға не істемек керек? Үйдегі шиеттей балаларына қарайтын адам болмаған соң, Айдана Әубәкірова әзір жұмысқа шыға алмай жатыр. 2016 жылы ажырасқан келіншек тұрмыс тауқыметін жалғыз өзі тартып келеді. Әу баста алимент төлеп жүрген бұрынғы күйеуі тұрақты жұмысы болмағандықтан, уақыт өте келе қарайласудан қалған.

Қалалық прокуратура өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты табысы жоқ борышкерлерді жұмысқа тұрғызумен айналысады. Былтырдан бері борыштың жалпы мөлшері 3,5 млрд теңгеге дейін азайтылды. Былтыр алимент бойынша қарыз екі есе артық болған еді.

Былтыр алимент төлеуден жалтарған 225 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Тағы 11-не қылмыстық жаза қолданылған. Жүздеген борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды. Қалалық прокуратураның мәліметі бойынша биыл 10 адамға әкімшілік, 3 борышкерге қылмыстық жаза қолданылды. Мұндайда жазаның ең ауыры 2 жылға бас бостандығынан айыру екенін айта кету керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді