Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда 4 млн теңгеден астам алимент төлемеген адам анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды

Таразда 4 млн теңгеден астам алимент төлемеген адам анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: pixabay.com

Тараз қаласының прокуратурасы талдау аясында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент берешегін төлемеген борышкерді анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«09.09.2024 жылы осы факті бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Жамбыл облысы прокуратурасы хабарламасында.

2024 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегін өндірді.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Ақтөбеде алимент төлемеген 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады