Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер вейпті заңсыз сату фактісін анықтады

Елордада полицейлер вейпті заңсыз сату фактісін анықтады
Фото: Polisia.kz

Елордада полицейлер вейпті заңсыз сату фактісін анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері "Қылмысқа жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінде темекі шекпейтін құрылғылардың (вейптердің) заңсыз сатылуын анықтады. Электронды темекілерді заңсыз сатқан және таратқан деген күдікпен 29 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында тәртіп сақшылары дүкеннен 23 электронды темекіні тәркіледі. Белгілі болғандай, күдікті бұл іспен бірнеше айдан бері айналысып келген. Ол осы уақыт ішінде 50-ден астам вейп сатқанын мойындады. Сондай-ақ тергеу барысында оның бұл өнімнің заңмен тыйым салынғанын біле тұра, вейптерді интернет-дүкен арқылы, танымал мессенджерлердегі арналары арқылы сатқандығы анықталды.

Темекі шекпейтін бұйымдарды, электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығаруға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырып, электронды тұтыну жүйелерімен заңсыз сауда жасау ауыр құқықтық салдарға әкеп соғатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады