Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда сатушыдан 20 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Павлодарда сатушыдан 20 млн теңгенің вейпі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында полицейлер заңсыз вейп саудасын анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодарда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, полицейлер құны 20 млн теңгеге жуық болатын 4 мыңға жуық вейпті тәркіледі. Тыйым салынған тауар Торайғыров көшесіндегі дүкеннен табылды. Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналған. Тыйым салынған электронды темекі сатумен айналысты деген күдікпен 20 жастағы дүкен сатушысы ұсталды. Қазіргі таңда оған қатысты “Темекіге жатпайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерді және оған байланысты сұйықтықтарды сатуға, таратуға және пайдалануға тыйым салынғанын еске салды. "Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының басты басымдығы болып қала береді. Полицияның міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауап береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты