Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер 550-ден астам электронды темекі тәркіледі

ШҚО-да полицейлер 550-ден астам электронды темекі тәркіледі
Фото: polisia.kz

ШҚО-да полицейлер 550-ден астам электронды темекі тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымды “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Тыйым салынған тауарлар Өскемендегі екі сауда үйінде кальян дүкендерінен жасырын сатылғаны анықталды.

Бірінші дүкенді тінту кезінде жедел уәкілдер 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптер мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық тапқан. Екінші дүкеннен тәртіп сақшылары 115 электронды темекі тәркілеген.
Шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

Полиция департаменті биыл 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі