Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық ұшақтар ескертулерге қарамастан Таяу Шығысқа ұшты - СІМ

Қазақстандық ұшақтар ескертулерге қарамастан Таяу Шығысқа ұшты - СІМ
Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жанжал фонында қазақстандық әуекомпания рейстеріне қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Туризм және спорт министрлігінің өңірдегі бірқатар елдердің әуе кеңістігінде және оған жақын жерде ұшуға тыйым салынғаны туралы үндеуін еске алды. Бұл тізімге Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан кіреді.

"Туристерге жағдайдың дамуын мұқият бақылап, сапарды жоспарлау кезінде, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдерге барғанда, мүмкін болатын қауіп-қатерлерді ескеру ұсынылады. Қажет болған жағдайда қазақстандық туристерді елге қайтару "Туристік Қамқор" қоры және әуе компанияларымен бірлесе отырып қамтамасыз етіледі", – деді ол.

Алайда, Смадияров, мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, Қазақстаннан БАӘ бағытындағы ұшақтар толық жүктемемен ұшып жатқанын атап өтті.

"Мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, соңғы екі күнде Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағыт алған ұшақтар толық жүктемемен ұшты. Таяу Шығыс елдеріне сапар шеккен кезде барлық қауіп-қатерді мұқият саралап, ойланып шешім қабылдауға шақырамыз", – деді СІМ ресми өкілі.

Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, "Туристік Қамқор" қорымен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп, шетелдегі Қазақстан азаматтарына көмек көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіріп жатыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді