Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Хабар-ошарсыз қалған қазақстандық Хатай провинциясынан табылды

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз қалған бір отандасымыз Хатай провинциясынан табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.


«Түркиядағы жер сілкінісінен кейін министрліктің тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желісіне 1 мыңнан астам қоңырау түсті. Негізінен Түркия аумағындағы туыстарын табу туралы өтініштер айтылды. Сонымен қатар, Түркиядағы дипломаттарымызға қоңыраулар мен өтініштер түсіп жатыр. Олар осы бірнеше күн ішінде 150-ден астам отандасымыздың орналасқан жерін анықтап, Қазақстандағы туыстарымен байланыс орнатуға көмектесті. Өңірдегі ауыр жағдайды, байланыстың болмауы немесе байланыстағы қиындықтарды ескере отырып және азаматтарымызға қажетті көмек көрсету үшін дипломаттар апат аймақтарына, атап айтқанда ең көп зардап шеккен Газиантеп, Антакья және Кахраманмараш қалаларына барды. Көптеген отандасымызға қауіпсіз жерге көшуге көмек қажет болды, олар көлікпен, тамақпен және баспанамен қамтамасыз етілді», - деді ол.


Айбек Смадияровтың атап өтуінше, кейбір азаматтарымыз елге оралуға ниет білдірген. Сонымен қатар, көптеген қазақстандық тұрғын үйлерінің бұзылуына байланысты құжаттарын жоғалқан. Консулдар оларға қажетті жол жүру құжаттарын сол жерде рәсімдеп берген.

«Кейінгі 4 күнде Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Конья және Элязыктан 124 Қазақстан азаматы шығарылды. Оның ішінде 58 Қазақстан азаматы Астанаға репатриациялық рейстермен жеткізілді. Сонымен қатар, Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кетті деп есептегенбіз. Біз оны Хатай провинциясынан таптық, ол екі күн бойы байланысқа шыға алмаған. Қазір аман-сау, қауіпсіз жерде. Тұратын үйі зардап шеккен жоқ», - деді Айбек Смадияров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты