Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек

Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен. Дегенмен, қарқын бәсеңдеп барады: бір ай бұрын өсім 6,6%-ды құраған. Оның басты себебі – өндірістің өскеніне қарамастан өңдеу өнеркәсібінің баяулауы. Өнеркәсіптік өндіріс индексінің төмендеуі үш өңірде: Шығыс Қазақстан облысы (90,4%), Ұлытау облысы (96,2%) және Қостанай облысында (97,6%) тіркелді.

Өңдеу жоспарынан артта қалу, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайтын металлургиямен байланысты. Кеңесте басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.

Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала – құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Алайда, екі өңір, Атырау мен Ұлытау облыстары артта қалып келеді. Атырауда (жоспардың 43,2%) ТШО жобасы шеңберінде зауыт жұмысының тоқтауына байланысты, Ұлытауда (78,4%) тау-кен өндіру саласындағы нысандар салу мен жөндеудің қысқаруына байланысты қарқын бәсеңдеген.

Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.

«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады