Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында 11 айда 3,7 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамуда. Алдын ала бағалау бойынша, ЖӨӨ 2021 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2% өсіммен болжануда, деп хабарлайды kazlenta.kz.

11 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте талқыланды.

– Өнеркәсіпте 3,7 трлн теңгеге өнім көлемімен 1%-ға өседі деп болжануда. Өңдеу өнеркәсібінде 1,2%-ға, тау-кен өнеркәсібінде 0,5%-ға өсу күтілуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,9%-ға артып, шамамен 653 млрд теңгені құрады, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Есепті деректер бойынша облыста көмір, мыс және марганец кендерін өндіру ұлғайды. Жалпақ прокат, болат және шойын, сондай-ақ портландцемент, кальций карбиді өндірісі өсті.

Өңірде тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр. 11 айда 510 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артық.

Ауыл шаруашылығында, саудада, көлік саласында оң қарқын байқалады.

– 11 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі бағыттар бойынша экономика өсімі қамтамасыз етілді. Карантин кезеңіне байланысты қиындықтарға қарамастан, көлік саласы одан әрі дамыды. Тұрғын үй құрылысы бойынша өткен жылға қарай алға басып келеміз. Жалпы құрылыс көлемі бойынша Қарағанды облысы елімізде 4-орында, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы өсімді одан әрі қамтамасыз ету және алға қойылған міндеттерді орындау бойынша тапсырмалар берді.

Қарағанды облысында 2021 жылға экономика өсімі 3,4% жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді