Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин мұнай-газ саласының әлеуетіне арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді

Серік Жұманғарин мұнай-газ саласының әлеуетіне арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылы ЖІӨ-нің 4,8%-ға нақты өсуі кезінде 2025 жылға таргет – 7% мөлшерінде деп белгіленіп отыр. Бұл экономиканың нақты секторының инвестициялық жобаларын уақтылы іске асыру кезіндегі өте жоғары, бірақ қол жеткізуге болатын көрсеткіш.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтқандай, қаңтар айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 1,53 млн тоннаны құрады немесе өткен жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда – 104%. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы бірінші айдағы жоспардан 0,6%-ға алда.

Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы жалпы мұнай өңдеу үлесі 1%-дан аз (2023 жылы – 0,8%, 2024 жылы 9 айда – 0,6%). Сонымен қатар мұнай өңдеу саласы – бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісі. 2025 жылғы мамырдың соңында «CaspiBitum» БК ЖШС кеңейту жобасын іске асыру аяқталғаннан кейін оның қайта өңдеу қуаты 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғаюы тиіс. 2026 жылы Қазақстанда қайта өңдеу қуатының жиынтық көлемі 18 млн тоннадан 18,5 млн тоннаға дейін өседі.

Вице-премьер ірі қайта өңдеу зауыттары мен шағын МӨЗ жүктемесіне қатысты өзекті мәселелерді тыңдады.

«Қандай да бір елеулі сыртқы фактор болмаса, мұнай өңдеу саласында биыл Қазақстанның ЖІӨ-ге үлесін ұлғайтуға жақсы мүмкіндік бар», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Маңғыстау облысының таргеттелетін физикалық өсу индексінің құрамдас бөлігі жекелей қарастырылды. Осы жылға арналған 7%-дық өсу міндеті кезінде қаңтардың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында (жоспардағы 101%-дан 87,5%-ға) және саудада (нысаналы 105,4%-дың орнына 102%) көрсеткіштердің төмен орындалуы байқалды. Вице-премьер алдағы айларда қойылған жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Еліміздің ЖІӨ-дегі сауданың айтарлықтай үлесін ескере отырып (2024 жылы 19%) штабтың жақын арадағы отырыстарының бірі қоймасы бар сауда мен көлік саласына арналады. 

Сондай-ақ штаб отырысында өңірдің бюджеттік-инвестициялық жобаларына қаражаттың төмен игерілу себептері қаралып, талдау жасалды. Вице-премьер шұғыл қаржыландыруды қажет ететін барлық жобаны олардың экономиканың нақты секторына салымды ұлғайтуға әсер ету призмасы тұрғысынан зерделеуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты